Марқакөлде қазіргі ахуал қандай?

26 Қаңтар 2024, 13:45
344
Бөлісу:
Марқакөлде қазіргі ахуал қандай?

Шығыс өңірінің Марқакөл ауылдық округі әлі де төтенше жағдай режимінде. Ал облыстық маңызы бар жолдар ашылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Күршім мен Қалжыр арасындағы алпыс шақырымдық жолда екі ауысыммен 24 техника жұмыс істеді. Қазір бұл жолмен кез-келген көлік қатынай алады.

Марқакөлдің кейбір аумағында қар жамылғысының қалыңдығы үш метрге жетеді. Қаңтар айының басында кейбір елді мекендер қар құрсауында қалғанын білесіздер. Жергілікті халыққа дәрі-дәрмектер мен азық-түлік тікұшақпен жеткізілді, сондай-ақ санавиацияның арқылы көмекке мұқтаж болған адамдарды облыс орталығына жеткізілді.

Қазіргі уақытта, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, Марқакөл-Ұранхай-Төсқайың тас жолының учаскесіндегі қар да күрелді. Сондай-ақ Шанағаты ауылына апаратын жол да ашық, енді Балықты бұлақ жолы тазартылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдарға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Облшығысжол кәсіпорнының техникасы көмекке жіберілген, - делінген ақпаратта.

Өңірде қалың қардан кейін аяз күшейді. Сынап бағанасы кейбір аудандарда 45 градусқа дейін төмендеп кеткені белгілі. Қолайсыз күн райы дизельді қозғалтқышы бар техникамен жарақталған жол қызметкерлеріне қол байлау болып тұрғынаны рас. Алайда одан жұмыс тоқтамайды.

Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша өңір басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов басшылық ететін арнайы мобильдік топ дәлі қазір қар қалың түскен аумақтарды шолып, техникаларды тиісті аумаққа жөнелтіп, жұмыс тиімділігін арттыруға күш салып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы