Алтын-Емелде қар барыстары фототұзаққа түсіп қалды

Түсірілген кадрларда сирек кездесетін жыртқыштардың табиғи ортада қозғалып жүргені, сондай-ақ суатқа келіп, су ішкен сәттері бейнеленген.

10 Қыркүйек 2026, 22:21
АВТОР
 Скриншот 10 Қыркүйек 2026, 22:21
10 Қыркүйек 2026, 22:21
83
Фото: Скриншот

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жүргізіліп жатқан ғылыми-далалық зерттеулер барысында фототұзақтар қар барыстарын бірнеше рет тіркеді.

Түсірілген кадрларда сирек кездесетін жыртқыштардың табиғи ортада қозғалып жүргені, сондай-ақ суатқа келіп, су ішкен сәттері бейнеленген. Табиғатта өте сақ әрі жасырын тіршілік ететін қар барысының мұндай кадрлары оның мекен ету аумағын, қозғалысы мен мінез-құлқын зерттеу үшін аса құнды.

Қар барысы биік таулы және жартасты аймақтарда тіршілік етуге жақсы бейімделген. Оның жалпақ табандары қар үстінде еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Ал ұзын әрі қалың құйрығы тік беткейлерде қозғалғанда және секірген кезде тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, фототұзақтар жануарларды мазаламай бақылауға, олардың таралуы мен табиғи ортадағы тіршілігі туралы маңызды ғылыми мәліметтер жинауға мүмкіндік береді. Алынған деректер сирек кездесетін жануарларды зерттеу және қорғау жұмыстарында маңызды рөл атқарады.

Наверх