Марқакөл қорығында қалыңдығы 30 сантиметрден астам қар жауды

27 Қыркүйек 2023, 00:27
817
Бөлісу:
Марқакөл қорығында қалыңдығы 30 сантиметрден астам қар жауды
Фото: baq.kz

Биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бірінші болып Марқакөл қорығында қар жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Екі күн бойы тоқтамай жапалақтаған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен.

Марқакөл қорығы көркіне көз тоймайтын табиғатымен ерекше. Мұнда жануарлардың 60-қа жуық, құстардың 250-ден аса түрі мекендейді.

Еске салсақ, еліміз бойынша Марқакөлде ғана кездесетін Майқан балығына ерекше көңіл бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы