Мароккода стенд атудан әлем кубогы мәресіне жетті

Мароккода стенд атудан әлем кубогы мәресіне жетті
442

Байрақты бәсекеге 45 елден 250-ге жуық қатысушы жиналды. Араларында жерлестеріміз де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын мен 1 күміс медаль еншіледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Жарыстың алғашқы күндері скит бағытында әйелдер арасындағы командалық сындар өтіп, ұлттық құрама алдына жан салмады. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Әдел Садақбаева үштігі финалда АҚШ құрамасынан басым түсті. 

Артынша, трап бағытында да қазақстандық қыздар финалға дейін жетіп, соңғы сында тағы да америкалық спортшылармен жолықты. Ел намысын Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина қорғаған еді. Бұл жолы қарсыластардың жолы болып, жерлестеріміз екінші орын алды. 

Ұлттық құрама қоржынындағы қос медаль жалпы есепте үшінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спортшыларға рейтингілік ұпай беріледі. Кейін дәл осы көрсеткіш арқылы алдағы Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы