Марокко-Португалия матчындағы үздік ойыншы атанды

11 Желтоқсан 2022, 09:41
3653
Бөлісу:
Марокко-Португалия матчындағы үздік ойыншы атанды

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко қақпашысы Яссин Боно Португалиямен өткен матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған ойында 31 жастағы Я.Боно үш соққыны қайтарып, өз қақпасын аман алып қалды.

Сонымен қатар Яссин Боно бір әлем чемпионатындағы үш матчта өз қақпасына гол жібермеген бірінші африкалық ойыншы атанды.

Бүгін ол Марокко құрамасының жейдесін 50-інші рет киді.

Жалпы, осы біріншілікте қарсыластары Марокконың қақпасына гол соға алған жоқ. Тек Канадамен өткен кездесуде Наиф Агер өз қақпасына доп соғып алды. Бірақ марокколықтар Канаданы 2:1 есебімен ұтты. Өз тобынан бірінші орынмен шыққан Марокко плей-офта Испания құрамасын пенальти сериясында жеңді. Мұнда да Бононың шеберлігі көрініп, ол екі соққыны қайтарды.

Өзгелердің жаңалығы