Мария Агапова UFC 272 турнирінде Мороздан жеңілді

6 Наурыз 2022, 16:15
1519
Бөлісу:
Мария Агапова UFC 272 турнирінде Мороздан жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 272 турнирінде қазақстандық боксшы Мария Агапова украиналық Марина Морозбен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундтың басы Маринаның еншісінде қалды, бірақ бес минуттық кезеңнің соңына қарай Агапова басымдық танытып, қарсыласының үстіне шығып алды. Алайда украин спортшысы сиренаға дейін шыдады.

Екінші раундта Марина тұншықтыру әдісін қолданды. Агапова қарсы айла таба алмай, 3:27 шамасында төреші жекпе-жекті тоқтатып, украиналық файтердің жеңісін тіркеді.

Өзгелердің жаңалығы