Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры тағайындалды

20 Тамыз 2021, 21:21
5786
Бөлісу:
Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры болып Ақан Оңғарұлы тағайындалды.

2021 жылдың 19 тамызында Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұжымымен кездесу өткізіп, Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жаңадан тағайындалған институттың бас директоры Ақан Оңғарұлын таныстырды - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ақан Оңғарұлы 41 жаста. Тарих ғылымдарының кандидаты, ежелгі тарих, археология және мәдениет саласындағы отандық және халықаралық ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан белгілі ғалым. 

Өзінің еңбек жолын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қабырғасынан бастаған, Институттың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалына басшылық жасаған және соңғы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ басқарып келді.

Кешенді археологиялық экспедициялардың жетекшісі ретінде үлкен тәжірибесі бар. 

Германия, Жапония және Египеттің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өткен. 

Қазақстан және шетелде жарияланған көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 

Комитет төрағасы Институт директоры мен ұжымы алдына жаңа міндеттер қойды.

Өзгелердің жаңалығы