Марат Шоранов қазақстандықтарды арандатушылардан аулақ болуға шақырды

27 Қаңтар 2021, 17:59
1444
Бөлісу:
Марат Шоранов қазақстандықтарды арандатушылардан аулақ болуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарды жалған сарапшылар мен арандатушылардан аулақ болуға шақырды.

Мемлекет басшысының иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық паспорты әзірленуде. Вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады. Бұл вакциналанған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге болады.  

«Чиптеу» туралы сұрақтардың қойылатынын алдын ала біле отырып, бұл осындай фейкті жариялайтын вакцинацияға қарсылардың негізсіз мәлімдемесі екенін айта кеткім келеді. Сіздерді жалған сарапшылар мен арандатушылардан аулақ болуға, маркетингтің құрбаны болмауға, тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге және медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырамын. Пандемия жарияланғалы бері бір жыл өтті, бұл кезең бізге көп нәрсе үйретті, адамзатқа өзінің басымдықтары мен құндылықтарын қайта қарауына мәжбүр етті. Бүгінгі күні бүкіл әлем вакцинация жүргізу бәрімізге үйренішті өмірге карантинсіз оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттердің дәріс залдарына оралуына және жалпы отбасымызбен, әріптестерімізбен, достарымызбен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралуға мүмкіндік беретінін түсініп отыр, - деді ол.

Вице-министр бұған дейін соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келетінін мәлімдеп, сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі бойынша республикада желтоқсан айына қарағанда қаңтар айындағы өсім деңгейі 10%-ға артқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы