Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

13 Сәуір 2019, 17:28
2376
Бөлісу:
Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына министрлік қызметінің нәтижелері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары жөнінде мәлімделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің алдына қойылған міндеттерді сапалы орындаудың және Қазақстанның заң шығару жүйесін жетілдірудің маңыздылығына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы