Марат Әзілханов: Президент айтқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын өсіруге бағытталған

18 Қаңтар 2022, 16:12
1968
Бөлісу:
Марат Әзілханов: Президент айтқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын өсіруге бағытталған
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық дөңгелек үстелінің отырысында ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Президенттің 11 қаңтардағы үндеуіне қатысты пікір білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Ассамблея жұмысының және Қазақстан халқы өмірінің басты арқауы – «Қайғылы қаңтар» сабақтары: Қоғамның бірлігі – Тәуелсіздіктің кепілі болды. Президенттің сөзі террористермен күрестің өткір кезеңінің аяқталуын білдіреді. Бірақ, ең бастысы, онда ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларындағы негізгі басымдықтарын өте нақты және шынайы түрде көрсетті, - деп айтты ол.

Сонымен қатар айтуынша, мемлекет басшысы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселенің барлық ауқымында жүйелі және күрделі өзгерістердің шұғыл қажеттігін көрсетті.

Қысқа мерзімде мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру, билік құрылымдарын реформалау, армияның жауынгерлік қабілетін арттыру қажет. Осының барлығы елдің саяси және экономикалық жүйесінің одан әрі дамуымен қатар жүреді, оның параметрлері осы жылдың қыркүйек айында көпшілікке жарияланады. Бұл шаралар жүйелі сипатқа ие екені анық. Олар мемлекеттік басқаруды, экономика құрылымын, әлеуметтік саланы терең өзгертуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын өсіруге бағытталған, - деп толықтырды Марат Әзілханов.

ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, ел дамуының жаңа кезеңі – мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін меритократия, әділеттілік және жариялылық қағидаттарында жаңарту және қайта құрылымдау кезеңі басталатынына толық сенім бар.

Өзгелердің жаңалығы