Марат Ахметжанов параны алу емес, параны беру фактісі көп екенін айтты

16 Ақпан 2022, 11:15
924
Бөлісу:
Марат Ахметжанов параны алу емес, параны беру фактісі көп екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

Агенттік басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысына сұрақтарын қойып, заң жобасын талқылады.

Бүгінгі таңда жемқорлық фактілері туралы жариялауға, арыздануға қоғамның белсенділігі азайып келеді. Оны айту керек. Өйткені коррупция – ол бүкіл қоғамның індеті. Өндірістегі қылмыстарды алып қарайтын болсақ, жылдан-жылға пара беру фактілері көбейіп келеді. Біздің құрамда қылмыстың 67 пайызы пара алу мен пара беру. Оның ішінде 54 пайызы пара беру, - дейді агенттік төрағасы.

Айтуынша, мемлекеттік басқармада жағымсыз жағдайлар жасалған. 

Яғни «пара бермесең, жұмысыңды шеше алмайсың» деген қауіп бар. Біз мұны мойындауымыз керек. Сол себепті бүгінгі таңда параны бере салып, өз жағдайын шешу оңтайлы. Сондықтан агенттік қойып отырған бірінші талап - осы схеманы, жүйені құрту. Өйткені бүгінгі таңдағы жағдай пара берушіге де, пара алушыға да оңтайлы болып тұр, - деп айтты Ахметжанов Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы