Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

8 Маусым 2019, 17:40
2160
Бөлісу:
Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды
PHOTO

Ақтөбе, BAQ.KZ. Жыл сайын өтетін «Aqtobe CNPC - AMG HalF Marathon» жарысы ұйымдастырылды. Биыл жарыс алғаш рет халықаралық және қайырымдылық статусын алды. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Қатысушылардың барлық жарналары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін  «АРДА Растемка» қоғамдық бірлестігіне берілді. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Ұйымдастырушылардың  айтуынша, жиналған жалпы қаражат көлемі 2 500 000 теңге. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Еліміздің 16 аймағынан сондай-ақ, Ресейден, Молдовадан, Қытайдан және Оңтүстік Кореядан 1100-ден астам адам марафонға қатысуға ниет білдірді.

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

 Облыс әкімі спортшыларға сәттілік  тілеп, сағат 7-де жүгіру  марафонын бастап берді. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

«Осы спорттық жарысты қолдауға келген, ақтөбеліктерді, өзге өңірден, басқа елдерден қатысып отырған қонақтарды таңертеңнен осы  жарыста көргеніме қуаныштымын. Жергілікті билік осындай іс-шараларды өткізуге қашанда қолдауға әзір.Марафоншыларға сәттілік, спортта жаңа белестер тілеймін»,-деді аймақ басшысы. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Сонымен қатар,  осы жарысқа  демеушілік жасаған «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсян да құттықтау  тілегін жеткізді.

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Жарыс басталар алдын қатысушылар тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаевтан кеңес алды.

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, марафондар мен ультра-марафондарға арналған өздік жүйені әзірлеген 160 мың шақырымды бағындырған.

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Марафонның қорытындысы бойынша, 5.10 және 21 шақырым қашықтықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер  медальдармен, және қаржылай сертификаттармен марапатталды. 

Ақтөбедегі халықаралық марафоннан 2,5 млн теңге жиналды

Облыс әкімі жарысқа қатысушылармен қатар, Марат Жыланбаев пен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас директоры Вэй Юйсянға  «Ақтөбенің  150 жылдығы» мерекелік  естелік  медаль табыстады.

Өзгелердің жаңалығы