Мақтааралда құс фабрикасының құрылысы жүруде

8 Ақпан 2022, 15:05
1475
Бөлісу:
Мақтааралда құс фабрикасының құрылысы жүруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауылдық округіндегі «Мырзашөл құс» ЖШС-на тиесілі құс фабрикасының құрылысы жалғасуда. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Фабриканың негізгі мақсаты -тұтынушыларды жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз ету. Жобалық құны 850 млн теңгені құрайтын құс фабрикасын іске қосу 4 кезеңге жоспарланған.

Құс фабрикасының 1-2 кезеңдері кәсіпкердің жеке қаржысына жүзеге асырылса, қалған кезеңдерді орындау үшін жеңілдетілген пайызбен несие алу қажеттілігі туындауда.

Аудан басшысы кәсіпорынның жұмысымен толық танысып, мемлекет тарапынан қолдау табуы үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы