Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде алматылық «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел біріншілігінің 11-турында алматылық клуб сырт алаңда Түркістан облысының «Мақтаарал» комадасымен кездесті.
Түркістандық клуб турнио кестесінде соңғы орында тұр. Соған қарамастан олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Бұл - «Қайраттың» қатарынан екінші жеңілісі. Бұдан бұрын өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» 0:3 есебімен жол берген еді.