Мақта алқабының көлемін азайтамыз – министр

23 Қаңтар 2023, 11:24
1076
Бөлісу:
Мақта алқабының көлемін азайтамыз –  министр

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өсімдік шаруашылығында 2023 жылға арналған басым міндет - ол көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу болып отыр. Ол үшін министрлік барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстарын үйлестіретін Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша 2023 жылғы егіс алаңдарының болжамды құрылымы қалыптастырылып, осыған сәйкес жалпы егіс алаңы 23,2 миллион гектарға жетеді, - деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің мәлімдеуінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, көкөніс және бақша дақылдары 10,2 мың гектарға артады деп болжанып отыр.

Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, осы  жылы өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 13,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, осының нәтижесінде ол 112,5 мың гектар ғана болмақ. Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдары өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы - 97,7 мың гектар) 9,9 мың гектарға ұлғайды, - деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі.  

Өзгелердің жаңалығы