Маңызы бар жолдардың тек 25 пайызы интернетпен қамтылған

14 Желтоқсан 2022, 09:55
903
Бөлісу:
Маңызы бар жолдардың тек 25 пайызы интернетпен қамтылған

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі маңызды іс-шара - бұл республикалық және басты облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосу. Қазірде интернет осы жолдардың 25 пайызында ғана қосылған. Ал, ұялы байланыс  – 86 пайыз. 2027 жылға дейін осы жолдардың 100 пайызы интернет пен ұялы байланыспен қамтылатын болады, – деді ведомства басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Мусиннің сөзінше,«қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде жүргізіліп, операторларға берілген салық преференциялары мен олардың инвестициялары негізінде қаржыландырылып, республикалық және жергілікті бюджет шығындарымен толықтылырады.

Өзгелердің жаңалығы