Қорғаныс министрлігі мансаптық өсуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде

24 Шілде 2019, 22:49
1963
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі мансаптық өсуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі кадрларды даярлау және мансаптық өсуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту әдісінің маңызды компоненті сенімді кадрлармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтің негізгі элементтерінің бірі – меритократия – бұл әскери қызметшінің жеке еңбектері мен жетістіктерін тану. Яғни оның қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес жоғарылату болып табылады.

WhatsApp Image 2019-07-24 at 17.41.49.jpeg

Қазіргі қолданыстағы әскери қызмет бойынша жоғарылату үшін іріктеу тәсілі лауазымды ауыстыру мен кәсіби дамыту кезеңдерін анықтауға бағытталған мансаптық жоспарлау заман талаптарына сай келмейді.

Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігі кадрларды даярлау және мансаптық өсуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде, ол:

- барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруды;
- офицерлер мен сержанттардың жасақталуы мен даярлық жүйесін жетілдіруді;
- әскери қызметшілердің қызмет өткеру тәртібін реттейтін әскери заңнаманы жетілдіруді және оларға тиісті артықшылықтар мен жеңілдіктерді қамтамасыз етуді;
- әскери қызметшілерді әскери-кәсіби қасиеттерге, сондай-ақ жоғары жалпы және әскери мәдениетке тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Қорғаныс министрлігінде 2018 жылы офицерлік құрамның негізгі лауазымдарына біліктілік талаптары және взвод командирінен бастап стратегиялық басқару органы департаментінің бастығына дейін мансаптық өсу сызбасы жасалған.

Жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін көрсететін факторлардың бірі сапалы резервті қалыптастыру болып табылады.

Қалыптастырудың алдыңғы кезеңдерінде өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері) әскерлерінің қолбасшыларымен мен түрлердің бас қолбасшыларымен үздік батальон (дивизион, эскадрилия) командирлерін және бригадалар (полктер) штаб бастықтарын іріктеу жөнінде жұмыстар жүргізілген болатын. 

Жүргізілген іс-шаралар аясында Кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы генерал-майор Қ. Көпбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне барып, нәтижесінде бригадалар (базалар, полктер) командирлерін жоғары лауазымдарға өсіру үшін кадрлық резерв қалыптасқан болатын.

Осыған ұқсас жұмыстар Алматы өңіріндегі гарнизондарда жүргізілген болатын. Алдағы уақытта аталған жұмыстарды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ә Қорғаныс министрлігі мансаптық өсуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы