Маңғыстауда шекарашылар итбалықтар мен балықтарды браконьерлерден құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
104 бекіре тұқымдасы және тоғыз итбалық мекендеу орындарына қайтарылды. Келтірілген шығын 219 млн теңгені құрады, – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Департаменттің өңірлік шекарашылары төрт ереже бұзушыны құрықтап, төрт суға түсу нысаны мен 27 шақырымнан асатын браконьерлік ауды тәркілеген. Ұсталғандарға жалпы сомасы 122 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.