Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының қолдауына ие болып отыр

1 Қыркүйек 2022, 18:06
1600
Бөлісу:
Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының қолдауына ие болып отыр
PHOTO

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері «Атамекен» ұлттық палатасының өңірлік филиалының қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2022 жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасы шағын және микробизнес кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай емес қолдау аясында сервистік қызметтердің 4 түрі бойынша  өңір кәсіпкерлеріне офлайн және онлайн форматта 572 қызмет көрсеткен. 

Жалпы 2022 жылы облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөліміне көбінесе кәсіпкерлер бухгалтерлік қызметтер бойынша жүгінді. Әсіресе тоқсандық немесе жылдық есептік кезеңдерде кеңес сұрады. Қызмет көрсету бойынша биылға жүктелген міндеттемелерді 89 пайызға орындадық. Сондай-ақ, аудандардағы филиалдар да жоспарды орындап отыр, - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қажылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Роллан Менеев.

Кәсіпкерлер палатасынан тікелей қолдау көргеннің бірі – Ақтау қаласының тұрғыны Іңкәр Жүсіпова. Ол сұлулық салонын ашсам деген арманын жүзеге асырған.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының қолдауына ие болып отыр

Бұрын бизнеспен айналысып көрген жоқпын. Сондықтан көп іздендім. «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2021»  арқылы оқып, 580 мың теңге грант ұтып алдым. Одан соң Маңғыстау облысындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, жеке кәсібімді аштым. Ербол Сейілханов деген маман заңнамалық талаптардың дұрыс орындалуы мен есептік жүйені реттеуде көп көмектесті. Салық жүйесі бойынша бірқатар мәселем болды. Солардың оң шешілуіне септігін тигізді, - дейді ол.

Қазір сұлулық салонында 12 адам жұмыс жасайды. Онда онға тарта қызмет түрі бар. Орталық күніне 30-40 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Іңкәр Жүсіпова бизнестің жүйелі проблемаларын «Атамекен» палатасының білікті мамандарының кеңесімен шеше отырып, болашақта тағы осындай салондар ашуды жоспарлап отыр. 

Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының қолдауына ие болып отыр

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен жеке ісін дамытқан «В7 групп» серіктестігінің иесі Ержан Бердешов Мұнайлы ауданында мотор майларын және мотор жиынтықтарын сататын дүкен ашса, Сәуле Жетімекова 10 млн теңге микро несие алып, кілем жуу орталығының жұмысын бастаған. 

Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Атамекен» палатасының қолдауына ие болып отыр

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірледі. Азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуды, табысы күнкөріс деңгейінен төмен ауыл тұрғындарының санын азайтуды көздеген жоба осылайша бірте-бірте өз  мақсатына жетіп келеді.

Ақтау қаласы 35 шағын ауданы, Кәсіпкерлер палатасының ғимараты
8 (7292) 30-40-40
aktau@atameken.kz
Instagram: mangystau_atameken
atameken.kz
Бірыңғай байланыс орталығы 1432

Өзгелердің жаңалығы