Маңғыстаудың Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды

30 Наурыз 2021, 02:28
1285
Бөлісу:
Маңғыстаудың Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №5 ҚАУЛЫСЫ шықты, деп хабарлайды өңірдің қоғамдық коммуникация орталығы.

«Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 наурыздағы #3 қаулысына өзгерістер енгізілді. 

Қаулыға сай Маңғыстауда 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушыларын балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту көзделген. 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне топтарды біріктіріп, іс-шаралар өткізбестен, ата-аналарды және еріп жүретін адамдарды кіргізбестен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.



Өзгелердің жаңалығы