Маңғыстаудағы заңсыздықты қадағалау күшейді

26 Сәуір 2023, 19:04
1078
Бөлісу:
Маңғыстаудағы заңсыздықты қадағалау күшейді
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин /

Маңғыстау облыстық прокуратурасы Каспий жағалауындағы бизнеске тосқауыл қойды. Ол жердегі сауда нүктелері заңсыз деп саналды, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Өңірде еңбек дауы да жиі болып тұрады. Осы және тағы басқа сауалдардың жауабын Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Мерген Меңдiғалиевтен сұрадық.

- Әңгімемізді еңбек дауына қатысты сұрақтан бастайық. Жаңаөзендік «Берәлі Маңғыстау компаниясы» жұмысшылары тұрақты жұмысты талап етіп отыр. Жұмысшылардың талап-арыздары сіздерге жетті ме?

- «Берәлі» ЖШС 100-ге тарта жұмысшысы Астанада «Қазмұнайгаз» ҰК және Энергетика министрілгіне өз талаптарын қойды. Негізгі талаптары: жұмыс көзі. «Берәлі» ЖШС-і «Өзенмұнайгаз» АҚ мердігерлік компаниясы болып табылады. Тиісті келісімшарт аяқталғаннан кейін олар жұмыссыз қалған. Тендерлік процедураға үш компания қатысып, тендерді «Кезби» мекемесі ұтқан. Соған байланысты «Берәлі» ЖШС жұмысшылары наразылыққа шықты. Келісімшартта осы мекеменің жұмысшыларын жұмыссыз қалдырмау жөнінде келісмшарт жасалған. Бұл қызметкерлер одан бас тартып, өз талаптарын қоюда. Бірақ, ол жұмысшылар біздерге прократураға ресми арыз түсірген жоқ.

-Жетібай кентінің тұрғындары да мұнай саласынан жұмыс талап етті. Қазір мәселе шешілді. Мұндай жағдай қайта туындамас үшін қандай шаралар қарастырылып отыр?

- Жетібай кентінің тұрғындарының мұнай саласында жұмыс талап еткен наразылығы әлеуметтік желіде жарияланды. 100-ге тарта тұрғын «Маңғыстау мұнайгаз» бен жергілікті әкімдіктен жалақасы кемінде 400-500 мың теңге болатын жұмыс талап еткен. Сол талаптарын бір апта жол жабу арқылы өз митингтерін өткізген болатын. Құқық құрғау орындары тарапынан оларға ешқандай қысым көрсетілмегенін атап өту керек. Бірлескен келіссөздер нәтижесінде «Қазмұнайгаз» АҚ, әкімдік, құқық қорғау орындарымен тиісті комиссия құрылып, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болды. Сондай келіссөзер жүргізіліп, өз нәтижесін берген болатын. Қазіргі уақытта сол аумақта орналасқан мұнай компаниялары Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталықтарына өз ваканттық мәліметтерін беріп, ол комиссияда қаралатын болып, өз мамандықтары бойынша жұмыс берілетін болып шешімін тауып жатыр.

-Облыс прокуратурасы еңбек жанжалдарының алдын алуға және азайтуға бағытталған «Еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі» жобасын іске қосты. Прокуратура, облыс әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және облыстық кәсіподақ орталығы арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты қандай?

- Біздің өңірде өзіңіз білесіз, еңбек жанжалдары орын алуда. Қысқаша статистикаға тоқталатын болсам, өткен жылы жұмысты тоқтатуға байланысты республикада 49 еңбек жанжалы тіркелсе, соның 95%, өкінішке орай, 47-сі біздің өңірде тіркеліп отыр. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, облыстық деңгейде алқа мәжілісін өткізген болатынбыз. Сондай-ақ, бас прокуратураның тапсырмасы бойынша, еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі атты жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл жобаға бүкіл жерігілікті уәкілетті органдар, «Қазмұнайгаз» АҚ өкілдері және кәсіподақ өкілдерін қосып отырмыз. Бұл жерде бірқатар шаралар бар. Соның бірін атап өтсек, төртжақты меморандумға өткен аптада қол қойылған болатын. Олар: прокуратура, әкімдік, «Қазмұнайгаз» АҚ және кәсіподақ өкілдері. Бұл меморандумның мақсаты - еңбек жанжалдарын жалпы құқықтық алаңда шешу, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында коммуникацияны дамыту, сондай-ақ, кәсіподақтардың рөлін күшейту болып табылады. Бұл жұмыс басталып кетті. Өз нәтижесін береді деген үмітіміз бар.

-Каспий теңіз жағалауындағы сауда нүктелерінің жұмысына тосқауыл қойылды. Теңіз жағалауындағы кәсіпкерлердің жұмысы заңсыз ба?

- Теңіз жағалуандағы тұрлі ойын-сауық және кофе, тез дайындалатын тамақтарды сату бойынша кәсіпкерлердің заңсыз фактілері болды. Ол кәсіпкерлерге, бірнеше рет өкілетті органмен жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкерлік бөлімдермен бірнеше рет ескеру жасалған. Бұл ескертулерге құлақ аспағаннан кейін, әкімдікпен түсінік жұмыстары жүргізіліп, 1 сәуірден бастап, аталған аумақтардан алынып тасталды. Алынып тастап қоймай, оларға басқа да ұсыныстар берілді. Яғни, қала аумағындағы сауда орындарының аумақтарынан үш айға дейін мерзімде тегін қызмет атқарып, кейіннен солармен келісімгартқа отыру арқылы қаал орталығында 4-шағынауданда «Ақбота» паркінде арнайы сондай функияларға арналған орындарды беріп ол жерлерде де сәйкесінше тегін үш ай, кейіннен тиісті келісім шартқа отырып, жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылып отыр.

- Осы орайда, кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы, соның ішінде заңсыз тексерулер кездесіп отыр ма? Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

- Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азамат, бизнес, мемлекет арасындағы қаарым-қатынасты өзгерту міндетін қойған болатын. Мұнда біздің тарапымыздан өзгеше жаңа қарым-қатынасты ойлап табу мақсаты тұр. Кәсіпкелерді қорғау мақсатында негізгі үш бағытты көрсетуге болады. Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерудің алдын алу, әкімшілік кедергілерді жою, заңсыз қылмыстық жауапкершілкке тарту. Прокуратура жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Өткен жылы 5 қаңтарда «Прокуратура туралы» заң конституциялық мәртебеге ие болды. Бұл үлкен жауапкершілік, үлкен сенім. Бұл жерде де жаңа конститутциялық заңда кәсіпкерлерге қатысты кеңінен біздің қызмет күшейтілген болатын. Бұл - негізгі бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында бірқатар шаралар атқарылуда. Бізде қазір сенім телефонымыз бар. Сенім телефонына отызға жуық қоңырау түскен. Оның төртеуі дәлелін тауып, тиісті шара қабылдаған болатынбыз. Жалпы, 12 тұлғаны жауапқа тартып, 300-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғадық. Соның ішінде, бір заңсыз тексеруді анықтадық. Ол бойынша лауазымда тұлған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, QR жобасы іске асырылуда. Соның ішінде негізгі тұрғындардың көкейтесті мәселелері бөліктері енгізілген болатын. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау бөлігі бар. Ол жерде тексеру келген жағдайда, қай жерге хабарласу керек, ол тексерудің қайсысы заңды, заңсыз екені қай сайттан тексеруге мүмкіндігі бар. Сол құқықтары мен міндеттері қарапайым тілмен түсіндіріліп жазылған болатын. Қазір кез-келген тұрғын смартфон қолданады, сол QR жобасын қолдануға мүмкіндігі бар.

- Облыс прокуроры Руфат Құттықов прокурорлар тұрғын үй кешендерін заңсыз салудың 11 фактісі анықталды, деп хабарлаған еді. Заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің алдағы жағдайы қалай болады? Олар заңдастырыла ма, әлде бұзыла ма?

- Ақтау қаласы аумағында тоғыз құрылыстың мәселесі өзекті болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, өткен аптада облыс прокурорының қатысуымен алқа мәжіліс өтті. Сол отырысты аталған заң бұзушылықтар айтылып, уәкілетті жергілікті атқарушы органдарға жалпы заңнамасын қамтамасыз етілуін, заңсыз құрылыстың алдын-алу мақсатындағы мониторингті күшейту тапсырылған болатын. Нәтижесінде 11 заңсыз құрылысты анықтадық. Заңсыз құрылыс дегенде, тиісті рұқсат қағаздарын рәсімдемей құрылысты бастап кеткендер. Бұлар бойынша, прокурорлық қадағалу әдісін енгіздік. Бұл жерде уәкілетті орган - облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы. Сондықтан да ең бірінші әкімшілік құқық бұзушылықтың 3 бабы бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген. Орташа есеппен, 2 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар. Сонымен қатар, уәкілетті орган бұзушылықты жою туралы нұсқама береді. Сол нұсқаманы дер кезінде жоймаған жағдйада, сіз айтып отырғандай құрылысты бұзуға қатысты мәселе қаралатын боалды. Жалпы қала аумағында 100-ге жуық құрылыс жұмыстары жүруде. Біз олардың жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті орындарға хабарлап отырамыз.

- Салымшылар үлескерлердің қаражатын заңсыз тартудың 25 фактісі анықталған екен. Аталған фактілер бойынша прокуратура кінәлі адамдарды қандай жауапкершілікке тартты?

- Бұл да өзектілер қатарында. Үлескелер, яғни қарапайым халық құрылысты көреді. Белгілі бір жинаған қаржысын құрылысқа салып жатады. Бірақ, сол құрылыстың заңды салынып жатырғаны, үлескердің ақшасын тартуға рұқсаты бар-жоғын, екінің бірі сұрай бермейді. Сондықтан да осындай проблемалар тап болады. Қала аумағында 4 ұзақ уақыт салынып жатырған құрылыс бар. Ол жерде 1000-ға жуық үлескердің тағдыры бар. Сондықтан да бұл бағытта мониторинг тиісті деңгейде жүргізілуде. Өзіңіз айтқандай, 28 үлескердің заңсыз ақшасын тартқан 25 дерек анықталды. Ол бойынша да, прокурорлық қадағалау енгізілді.

-Сондай-ақ, үйлердің құрылысына жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталып отыр. Мемлекетке қайтырыла ма?

- Жер мәселесі өршіп тұр. Тұрақты қадағалу жүргіземіз. Яғни, прокуратура органдары мемлекеттік органдардың шағырған шешімдеріне тұрақты бақылау жүргізеді. Осы бағытта да біздер заң бұзушылықты анықтаған болатынбыз. Биыл тоғыз жер учаскесі біздің актімен қайтарылған болатын. Сонымен қатар 28 жер учаскесі 400 миллионнан астам гектар жер учаскесінің берілуінің алдын алдық. Бұл жұмыстар қадағалануда. Уәкілетті органды тиісті шаралар қабылдау туралы құқық бұзушылық бойынша бағыттаған болатынбыз.

- Мемлекеттік қызметкерлеріне теңестірілген мектеп директорларына бизнеспен айналысуға тиым салынған. Осы бағытта қанша заңсыздық анықталды?

- Бұл бағытта биыл құқық бұзушылық тіркелеген жоқ. Өткен жылы 11 мектеп директоры заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 154-бабымен тиісті әкімшіілк жауапқа тартылған болатын. Мектепке қатысты мәселе болғаннан соң, біз оларға бөлінген қаражатты мақсатты жұмсалуына тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Осы жылы қала аумағында бір мектепте мемлекет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған болатынбыз. Ол жерде 60 миллион теңгеге жуық мемлекет қаражатын жымқыру дерегі болды. Тиісті уәкілетті орган қорытындысын берді. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бас есепші директордың электронды кілтін пайдалана отырып, қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Қазір тергеу жүргізілуде.

- Алимент төлеу қоғамда күрделі мәселеге айналды. Алименттен жалтарып жүргендерге қандай шаралар қолданылып жатыр?

- Алимент бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Осы жылы прокурорлық қадағалау әдісімен 10 миллион теңгеге жуық алимент берешегін өндірдік. 100-ге жуық кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғадық. Жәрмеңкелер өткізіп, 10 тұлғаны жұмыспен қамтамасыз еттік. Жалпы, осы жылы алименттен жалтару бойынша 18 сотқа дейінге тексеру басталды, оның 4-не сот үкімі шықты. Сонымен қатар, 19 әкімшілік жауаптылық қаралды. Оның 8-і қамаумен байланысты шара қабылданған болатын.

- Сөз басындағы еңбек дауына қатысты мәселеге оралсақ, азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы, соның ішінде жалақыларын төлемеу деректері туралы не айтасыз?

- Еңбек қатынастарындағы мәселе бүгінде алғы қатарда. Өйткені, мұнайгаз саласында 200-ге жуық мекеме бар. Онда 50 мыңдай жұмысшы қызмет атқарады. Өкінішке орай, кейбір мекемелерде жалақаны уақытында төлемеу деректері анықталып жатады. Осы жылы Жаңаөзен қаласындағы мұнайгаз саласындағы 60-қа жуық жұмысшының жалақаны өндірмеуіне байланысты тиісті прокурорлық қадағалау акциясын енгізіп, 15 миллион теңгеге жуық жалақы төленген болатын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы