"Әлімжеттіктен көз жұмған" – Оқу-ағарту министрі пікір білдірді

21 Мамыр 2024, 12:16
13480
Бөлісу:
"Әлімжеттіктен көз жұмған" – Оқу-ағарту министрі пікір білдірді
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте әлімжеттіктің салдарынан көз жұмған оқушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрден Жамбыл облысындағы мектептің бірінде болған төбелес жөнінде сұрады. Онда бір оқушы көз жұмған. Онымен қоса, кеше Қызылорда облысында болған 10-сынып пен 9-сынып оқушылары арасындағы төбелес болып, тағы бір бала қаза болған.

Жағдай министрдің бақылауында ма? Әлімжеттік жиілеп кеткен жоқ па? - деп сұралы журналист.

Оқу-ағарту министрі әлімжеттік мәселесі ашық талқыланып, өңірдегі әкімдіктерге нақты тапсырма берілгенін айтады.

Былтыр тамызда министрлік әлемдегі тәжірибені зерттеп, буллингке қарсы финдік жүйені қарастырған болатын.

Қызылорда облысындағы мәселеге тоқталайын. Кеше бірден әкімнің орынбасарына тікелей телефон арқылы хабарласып, болған жағдайға қатысты қандай шараның қолданып жатқанын сұрадым. Тек бір мектепке қатысты емес, аймақтағы нақты қандай шаралар қолданылатыны туралы біз жарты сағаттай әңгімелестік. Павлодар және Жамбыл облысындағы әкімдіктерменен де арнайы кешенді жоспар құру бағытында жұмыстар қолға алынып жатыр, – деп жауап берді Ғани Бейсембаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін министр жеке дәретхана салып алған мектеп директоры тексеріліп жатқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы