Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстаудағы аурухана "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына" енген

11 Маусым 2025, 20:09
820
Бөлісу:
 Маңғыстау облысының әкімдігі
VIDEO
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

"Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту аясында бұған дейін 150 орындық Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының құрылысына мониторинг жүргізілген. Мониторингтің негізгі мақсаты – құрылысты мерзімінде аяқтау және қаражатты тиімді пайдалану. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, ауданның инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Mangystau.tv телеарнасына берген сұхбатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамурайт Шаменов айтты.

Оның айтуынша, аурухана 155 позиция медициналық құрылғылармен және жабдықтармен қамтылған. Соның ішінде жаңа электрокардиограмманы амбулаториялық жағдайда бақылауға арналған жүйе, электрхирургиялық құрылғы, компьютерлік томограф, сандық панорамалық рентген аппараты орнатылған. 

Сонымен қатар, аурухана бірнеше блоктардан, яғни ота бөлімі, балалар терапиясы бөлімі, перзентхана, әкімшілік бөлім, зертхана және басшылық, жұқпалы аурулар бөлімінен (инфекциялық стационардан) тұрады.

Қолданысқа берілген ауруханада 170-мыңға жуық тұрғын сапалы медициналық көмек пен қызметтерге қол жеткізе алады деп күтілуде. Айта кету керек, бұл нысан ҚР Президенті әкімшілігінің ерекше бақылауында.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің тапсырмасының негізінде, Маңғыстаудың әлеуметтік проблемалық мәселелер ескеріліп, өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы әзірленді. Соның аясында 150 төсектік орталық аудандық ауруханасы қолданысқа берілді. Құрылысы 2021 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Бұл орталық аурухана сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзақ мерзімді құрылыс нысанына жатқызылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауына алынып сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында аталған нысанның құрылысына Антикор тарапынан бірнеше рет облыс әкімдігімен және қоғам өкілдерімен бірлесіп құрылыс нысанында кездесулер өткізілді, - деді департамент басшысы Шамурайт Шаменов.

Өзгелердің жаңалығы