Маңғыстауда туризм саласында 16 жоба жүзеге асырылады

3 Маусым 2022, 09:14
1663
Бөлісу:
Маңғыстауда  туризм саласында 16 жоба жүзеге асырылады

Маңғыстау,  BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстауда 2025 жылға дейін  туризм саласында 100 млрд теңгенің 16 жоба жүзеге асырылады. 

Облыстың туризм саласына жауапты Данияр Өтешевтың айтуынша Маңғыстау тек Қазақстаннан ғана емесе алыс-жақын шетелдерден де туристер қабылдауға дайын.

Осы жыл басталғалы  көршілес елдерден келетін туристер саны әлдеқайда артқан. Оған себеп-Ақтау халықаралық әуежайында енгізілген «Ашық аспан» режимінің ашылуы.  Жыл басынан бері облысқа 250 мыңнан астам турист келген. Оның  186 мыңнан астамы ішкі рейстер арқылы келсе, 63 мыңнан астам адам халықаралық әуе қатынасы арқылы келген. 

Туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Саланы дамыту экономикаға оң әсерін тигізері анық. Жаңа жұмыс орындары ашылып, салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда саладағы серпіліс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді, - дейді облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Өтешов.

Маңғыстау - тарихи, киелі орындарға бай өлке. Сондықтан мұнда  туризмнің экологиялық, мәдени түрлерін дамыту нәтижелі болмақ. Осы бағыттарды дамыту үшін облыстық басқарма ішкі туризммен айналысатын туроператорлармен 167 туристік жоба әзірлеп қойған. 

Өзгелердің жаңалығы