Маңғыстауда спорт басқармасының басшысы тағайындалды

24 Қазан 2023, 15:24
524
Бөлісу:
Маңғыстауда спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін, 24 қазанда Нұрлан Ноғаев облыс активіне өз еркімен қызметінен кеткен Қанат Жұмабаевтың орнына келген Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. 

Басқарманың жаңа басшысы болып бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарған Мақсат Мұқаш келді. 

Маңғыстауда спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Мақсат Мұқаш Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 

2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 

2021-2023 жылдар аралығында VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық маслихатының депутаты. 

Маңғыстауда спорт басқармасының басшысы тағайындалды

«Ақ жол» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі болды. 

Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласының №7 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған. 

2016-2017 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары. 

2018-2019 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, Қызылсай елдімекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры. 

2019 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Жаңаөзен қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды. 

2023 жылдың 29 маусымнан бастап Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды. 

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қанат Жұмабаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, басқарманың жаңа басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы