Маңғыстауда шатқалға аты-жөні мен көлік нөмірін жазып кеткен жігіт қамалды

Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында тасқа аты мен көлік нөмірін жазып кеткен тұрғын анықталды. Сот оған қатаң жаза тағайындады.

Бүгiн 2026, 09:58
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 09:58
Бүгiн 2026, 09:58
163
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Маңғыстау облысында Ыбықты Сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері шатқал аумағындағы тас жыныстарына ер адамның өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтады.

Полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықты жасаған 21 жастағы Маңғыстау облысының тұрғынын анықтады.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Полиция табиғи нысандарға, тарихи-мәдени мұра объектілеріне және ескерткіштерге жазу жазу немесе сурет салу әрекеттері жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай заңсыз әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға вандализм үшін жауапкершілік туралы ескерту жасады. Вандализм үшін 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх