8 миллион: ІІМ вандализм үшін жауапкершілік туралы ескертті

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады: вандализм үшін 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 02:20
Бүгiн 2026, 02:20
151
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы кезде табиғи және тарихи орындарға жарнама жасау және әлеуметтік желілерде бейнежазбаларды жариялау үшін зиян келтіру жағдайлары көбейіп келеді. Сондықтан полиция мұндай әрекеттер заңмен жазаланатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер мен тарихи нысандар – Қазақстанның ұлттық мұрасы және мемлекет қорғауындағы объектілер. Жартастарға жазу жазу, ескерткіштер мен мәдени-тарихи нысандарды бүлдіру – жай еркелік емес, заң бұзушылық болып саналады.

Қылмыстық кодекстің 294-бабы – "Вандализмге" сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргендерге 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. 2026 жылғы есеп бойынша бұл 432 500 теңгеден 8 650 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған, – деп мәлімдеді полиция.

ІІМ өкілдері вандализмнің кез келген көрінісіне құқықтық тұрғыда қатаң баға берілетінін мәлімдеді.

Наверх