Маңғыстауда көліктің жүксалғышынан 205 келі бекіре табылды

Ақтауда полицейлер Toyota Camry көлігін тоқтатып, жүксалғыштан 50 дана бекіре балығын тәркіледі. Көліктегі екі ер адам ұсталды.

2 Қыркүйек 2026, 12:13
АВТОР
 Маңғыстау облысының Полиция департаменті 2 Қыркүйек 2026, 12:13
2 Қыркүйек 2026, 12:13
88
Фото: Маңғыстау облысының Полиция департаменті

Маңғыстау облысында полицейлер 200 келіден астам бекіре балығын тәркіледі. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

28 тамыз күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО, ЖҚАЖ және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан сегіз пакетке салынған жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, - делінген Маңғыстау облысының ПД хабарламасында.

Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді.

Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталған болатын.

Наверх