Маңғыстауда бағаны тұрақтандыруға бөлінген қыруар қаржы іске қосылмаған

7 Ақпан 2023, 10:34
752
Бөлісу:
Маңғыстауда бағаны тұрақтандыруға бөлінген қыруар қаржы іске қосылмаған
Фото: Үкімет

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Маңғыстауда бағаны тұрақтандыруға бағытталған қыруар қаржы іске қосылмаған. 

Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу жөніндегі шараларды талдау барысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд теңгенің 2 млрд теңгесі іске қосылмағаны анықталды. «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көкөністерді жеткізуге жасаған 5 қолданыстағы Шарттың тек біреуі ғана өндірушімен жасалған, қалған 4 шарт көтерме саудагерлермен жасалған, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол өңірлік комиссиялардың отырыстарында өңірде жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық көтерме саудагердің аясында барлығы 4 көтерме саудагермен жұмыс жүргізілгеніне тоқталды. 

Өнімсіз делдалдарды анықтау және жою бойынша жұмыс нәтиже көрсеткен жоқ. Жалпы, осы өңірдегі жаңа тәсілдер аясындағы жұмысты қанағаттанарлықсыз деп санаймыз. Ұлытау облысы да бағаның өсуі бойынша көшбасшы болып отыр. Бір жағынан, аймақ логистика тұрғысынан тұйық болып саналады, сонымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті бизнестің жұмысы әлі жолға қойылмаған. Қаңтар айында регкомиссиялардың 10 отырысы өткізілді, алайда жұмыс нәтижелері шамалы, - деді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр азық-түлік Астана мен Шымкентте қатты қымбаттағаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы