Каспий теңізінде ТЖМ құтқарушылары қайықпен жүрген ер адамға көмекке келді. Оны жел жағадан алыстатып әкеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға жағалауды патрульдеу кезінде болған. ТЖМ қызметкерлері жағадан шамамен 400 метр қашықтықта қайықтағы ер адамды байқап, дереу оған қарай бет алған.
Анықталғандай, қайық моторсыз болған. Қатты желдің салдарынан оны жағадан алып кеткен, ал ер адам өз күшімен кері қайта алмаған, – делінген хабарламада.
Құтқарушылар ер адамды аман-есен жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды. Атап айтқанда, суға шығар алдында ауа райы болжамын тексеру, құтқару жилетін кию және қатты жел мен ауа райы бұзылған кезде суға шықпау қажет екені айтылды.