Маңғыстауда 793 шаруа қожалығын әйел басқарады – Тінәлиев

15 Шілде 2022, 16:17
1589
Бөлісу:
Маңғыстауда 793 шаруа қожалығын әйел басқарады – Тінәлиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Маңғыстау облысы әкімі орынбасары  Ұлықбек Тінәлиев Қазақстанның батыс облыстарының өңірлік форумында айтты.

Бүгінгі күнде Маңғыстау облысында 750 133 халық болса, оның 446 675-і ауылда тұрады. Оның ішінде 223 481-і әйелдер. Олардың бір парасы әлеуметтік салаларда, шағын және орта кәсіпте, қызметтің түрлі салаларында еңбек етуде.2022 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша статистикалық мәліметіне сәйкес Маңғыстау облысы бойынша жұмыс жасап тұрған 3023 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде әйел адам басқаратын 793 шаруа қожалық тіркелген, - деді Тінәлиев. 

Ол атағандай, биыл құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 8  агро-өнеркәсіп кешен саласындағы инновациялар жобаларын іске асыру жоспарланып отыр, нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орын құралады деп күтіліп отыр. 

Оның ішінде әйел басқаратын жоспарланған және жетістікке жеткен жобаларда аз емес, мәселен ағымдағы жылы жалпы құны 600,0 млн теңге құрайтын 2 инвестициялық жоба іске қосылды және жоба құны 80,0 млн теңге құрайтын 1 жоба жыл соңына дейін іске асыру жоспарда бар.Әйелдер қауымы басқарып жатқан кәсіпорындар бүгінгі күнге агроөнеркәсіп кешеніндегі егін, мал шаруашылығы саласында және өңдеу саласында жұмыс істеп келеді. Әкімшілік тарапынан бұл кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар берілуде. Бұдан бөлек 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 1,0 млрд теңге қаражат бөлінді. Аталған бағдарламаны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ғы арқылы 79 әйел қауымына 444,0 млн тенгеге несиемен қамтамасыз етіліп, қаражат толықтай игерілді, - деді ол. 

Облыс әкімінің орынбасары атағандай, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдік құралымен 2022 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша 31 жоба 744,4 млн теңгеге қолдау алып, 47 жұмыс орны құрылды. 

Оның ішінде 7 жоба әйел-кәсіпкерлермен 244 млн теңгеге қолдау алды.

Өзгелердің жаңалығы