Маңғыстауда 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

20 Қаңтар 2022, 15:18
1604
Бөлісу:
Маңғыстауда 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Маңғыстау облысы бойынша 19 қаңтардан бастап “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары 80 үй-жайды, 91 жалдамалы пәтерлерді аралап, тексеру жүргізді.

Ұсақ бұзақылық жасаған 21 адам анықталды, спирттік ішімдіктер ішудің немесе мас күйінде қоғамдық орындарға барудың 42 дерегі тіркелді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша алты әкімшілік хаттама толтырылып, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 49 дерегі анықталды. 

Өңірде төтенше жағдай режимі күшін жойғаннан кейін “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы басталды. Тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруды жалғастыруда. Жедел алдын алу шарасы аясында және заңнамаларға сәйкес полиция жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, базарларды және тексеруге жататын басқа да нысандарды тексереді. Жеке автокөлікті тексеру жүзеге асырылады, құжаттарды, сондай-ақ азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру жүргізіледі. Басты мақсат – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, – деп атап өтті өңір полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Өзгелердің жаңалығы