Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына 1 млрд қаржы құйған

24 Қаңтар 2024, 21:15
453
Бөлісу:
Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына 1 млрд қаржы құйған

Соңғы екі жылда Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына біраз қаржы құйған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ал алаяқтық әрекетті ұйымдастыру бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер азаматтарды қытай медицинасына қаржы құюға үгіттеп, күнделікті 2%-ке дейін пайда түсетініне сендірген. 

Тағы біреулері әлеуметтік желі арқылы оңай ақша табуды үйретемін деп, адамдарды қомақты қаражат салуға шақырған. Айта кетсек, 2023 жылы еліміздің қаржы мониторингі агенттігі «АФМ-Insider» атты телеграм ботын іске қосты. 

Оған тіркелген азамат өз қаржысын салғысы келетін компанияның заңды тіркеуде бар-жоғын тексере алады. 

Тұтыну кооперативтері бізде танылған қаржы пирамидасы деп. Үкім шыққан. Мысалы, қазір екінші деңгейлі банктер 15-20 процентпен беріп жатса үй алуға, ал олар қаржы пирамидасын құрушылар одан төмен етіп көрсетіп, адамдарды өзіне баурап алады, - деп хабарлайды облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Шыңғыс Смағұл.

2023 жылы «Кибернадзор» жүйесі арқылы осындай күдік келтіретін, қаржы пирамидасының белгісі бар 4 мыңға жуық сайт бұғатталды. Сондай-ақ осы жүйе арқылы тағы осындай 52 мың парақшалар жабылған.

Өзгелердің жаңалығы