Маңғыстау облысының өндірісі 5 айда 63,5 млрд теңгені құрады

10 Маусым 2021, 14:49
1721
Бөлісу:
Маңғыстау облысының өндірісі 5 айда 63,5 млрд теңгені құрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.

Оның айтуынша, 2021 жылдың бес айындағы өңірдің даму қорытындысына сәйкес Маңғыстау облысы өте жақсы көрсеткішке жетіп отыр. Өңдеу өнеркәсібі, инвестиция, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары және тұрғын үйді іске қосу, сауда, көлік қатынасы сияқты экономиканың жеті бағыты бойынша оң өсім болған.

Биыл бес айда өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 4,5-ға артып, 63,5 млрд теңгені құрады. Мәселен, минералды тыңайтқыш, бетон өнімін өндіру біршама өсті. Ақтаудағы «Каспий-бетон» зауыты 5 айда елімізде өндірілген жол бетонының 48%-ын қамтып отыр. Биыл бұл салада жалпы құны 21 млрд 700 мың теңге болатын 8 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде жаңадан 200-ден астам жұмыс орны құрылмақ, - деді өңір басшысы.

Серікбай Трұмов сондай-ақ Маңғыстау өңірі инвестиция тарту бойынша үздік аймақтар қатарында екенін айтты. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облысқа тартылған инвестиция көлемі 12,9%-ға артып, 216 млрд теңгені құраған.

Биыл облыста 270 млрд теңгеге жуық қаржыға 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы арқылы біз 260 адамды жұмыспен қамтимыз. Өңірге инвестиция тартуға 2 арнайы экономикалық аймақтың маңызы зор. Арнайы экономикалық аймақ ашылғалы 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бүгінде бұл аймақта 19 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Онда 1800-ге тарта адам еңбек етуде. Алдағы уақытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен тағы 5 жоба іске асырылады, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы