Маңғыстау облысында вакцина салдырғандар саны 4 есе артты

12 Шілде 2021, 20:48
2420
Бөлісу:
Маңғыстау облысында вакцина салдырғандар саны 4 есе артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда Covid-19-ға қарсы екпе алу биыл 2 ақпанда басталды. Егер 5 айда вакцина алғандар саны 60 мыңнан асса, соңғы екі аптада 20 мыңға жуық адам ерікті түрде екпе салдырды. 

Осылайша жыл басынан коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 80 мыңға жуықтаған.

Мәселен, Ақтау қалалық №1 емханасында алғашында бір егу кабинеті болатын, бүгінде үш егу пункті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарда бар. Сондай-ақ, екпе алу қарқыны "Нейрон" емханасында да байқалады.

Өңірде ұжым болып екпе жасатқандар көбейген. Мектеп, аурухана, балабақша, кітапхана, дәмхана, коммуналдық қызмет жұмысшылары халықты вакцина алуға шақырып, бейнеүндеу жолдауда.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Екпе жұмыстарын жүргізуге 547 медицина қызметкері аттестациядан өткізіліп, дайындалды.

 Барлығы облысқа 221250 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде: ресейлік «Sputnik V»: I - компонент 96 150 доза; II – компоненттен 66 600 доза; «QazVac» – 7000 доза; «Хаят» – 31500 доза, Коронавак - 20 000. Екпе егу күннен бастап облыс бойынша I – компонентпен 78135, II – компонентімен 40631 адам егілді.

Облыста КВИ-ге қарсы вакцинацияға арналған 38 екпе кабинеті, 14 жылжымалы бригада жұмыс жасайды. Атап айтқанда Ақтау қаласында – 17, Жаңаөзен шаһарында – 6, Бейнеу ауданында - 4, Қарақия ауданында - 2, Маңғыстау ауданында - 1, Мұнайлы ауданында - 3, Түпқараған ауданында – 5. Облыс бойынша вакциналарды сақтайтын 25 мұздатқыш, 15 термоконтейнер бар.

Маңғыстау облысында Covid-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 9551 адамды құрады. Биыл қаңтар айынан күні бүгінге дейін 5851 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінгі күнге 7795 адам немесе ауру жұқтырғандардың 81,6% емделіп шықты. Өкінішке орай, вирустан көз жұмғандар саны – 142 адам, оның 65-і жыл басынан қайтыс болды. Соңғы бір тәулікте КВИ жұқтырғандар саны 126 адамды құрады.

Денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда тұрғындарға 630 инфекциялық және 60 реанимациялық төсек орындық 10 стационар қызмет көрсетуде.

Аталмыш стационарларда қазіргі уақытта 377 адам ем қабылдауда, Жалпы төсек орындардың толымдылығы – 60 %, реанимациялық төсек 35 адам немесе 58,3% құрайды. Биыл 5-12 шілде аралығында 355 адам ем қабылдап, жазылып шықты.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 95 мобильдік бригадалар, 53 жедел жәрдем бригадалары бар. Облыстағы жедел-жәрдем автопаркі 100%-ға жаңарды. Медициналық ұйымдар қажетті жабддықтармен толық көлемде қамтылды.

 

 

 

 



Өзгелердің жаңалығы