Маңғыстау облысында электр энергиясы қымбаттады

10 Қыркүйек 2022, 07:38
906
Бөлісу:
Маңғыстау облысында электр энергиясы қымбаттады

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жеке тұлғалар үшін тарифке 1,61 теңге, заңды тұлғаларға 3,99 теңге қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал жаңөзендіктер 1,06 теңге артық төлейтін болды. Мекемелер үшін тариф 0,29 теңгеге көтерілді. Өңірдегі қалған аудан тұрғындарына баға 3%-ға өсті. Бұл жаңалыққа облыс тұрғындары нарызы. Әлеуметтік желіде шағымданған жұрт бұрынғы тарифті қалдыруды сұрайды. Осыған орай, өңірдегі электр энергиясын өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші компаниялар жағдайды түсіндірді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, тарифті өсірмеске амал жоқ. Себебі кәсіпорындар шығынды көтере алмай отыр. 

Қазіргі кезде энергия шығаруға қажетті газ бен материалдар қымбаттады. Былтырғыға қарағанда биыл шығындарымыз 2 есе өсті. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, қызметкерлер жалақыны көтеру туралы талап етті. Бұл біздің жоспарымызда болмаған еді. Нәтижесінде 30%-ға көбейтуге тура келді. Сонымен қатар тұрғындардың қарызы азаймай отыр. Сондықтан жабдықтарды жаңалай алмай отырмыз. Тарифті Энергетика министрлігі бекітті. Тұрғындардан шағым көп. Алайда тарифті көтермеске амал жоқ, – деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Бектеміров.

Өзгелердің жаңалығы