Достық символы: Қазақстан мен Ресей президенттері ағаш екті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин достық аллеясында көшет отырғызды.

 Ақорда Бүгiн 2026, 17:55
Бүгiн 2026, 17:55
187
Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті.

Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрмет, берік достық және сан қырлы ынтымақтастық символы ретінде отырғызылды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 27 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келді. Қазақстан тарапы мәртебелі мейманды мемлекеттік протокол аясында көк кілеммен, құрмет қарауылымен, оркестрмен және ұлттық музыкалық сүйемелдеумен қарсы алды.

Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің негізгі бағыттары мен қазақ-орыс саяси диалогының жоғары деңгейі сөз болған еді.

Одан кейін Путиннің Астанаға сапарына қатысты сарапшы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы 92 млн тоннаға жеткенін айтты

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 30 млрд долларға жетеді деп болжанып отыр.

Наверх