МӘМС талаптарын бұзу: 338 медицина қызметкерінің құқығы қорғалды

24 Қараша 2026, 16:12
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 24 Қараша 2026, 16:12
24 Қараша 2026, 16:12
119
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Сандықтау ауданының прокуратурасы 338 медицина қызметкерінің құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында 338 медицина қызметкерінің құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, жұмыс беруші екі ай бойы МӘМС бойынша аударымдарды жүзеге асырмаған. Соның салдарынан қызметкерлер сақтандырылған тұлға мәртебесінен айырылып, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алу мүмкіндігінің шектелуі ықтимал болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде МӘМС бойынша 4 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешек толық өтелді. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Жетісуда мұғалімдерді медициналық тексеруден өткізбеген 21 басшы жазаланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Директордың ЭЦҚ-сын пайдаланып 82 млн теңге жымқырған үш бухгалтерге үкім шықты

Жөнделмеген жол үшін 45 млн теңге аударған: Прокуратура мен ҰҚК шенеуніктерді тексеріп жатыр

Қарағанды облысында екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

 

Наверх