Мамин жұмыс сапарымен СҚО-ға барды

17 Қараша 2019, 09:01
2418
Бөлісу:
Мамин жұмыс сапарымен СҚО-ға барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, "Қарапайым заттар экономикасының", сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. 

Петропавл қаласында ҚР Үкіметінің басшысы жобалық қуаттылығы жылына 6 мың тонна сұйық және қатты сабынды құрайтын, тұрмыстық химия тауарлары мен жуу құралдарын шығаратын "Рим – ҚазАгро" ЖШС фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының аясында кәсіпорын Қазақстандағы мал және өсімдік майларын экологиялық таза өнімге — осыған дейін импортталып келген сабын түйіршіктеріне өңдейтін алғашқы өндіріс болмақ. 

А.Мамин Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшылары — "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ мен "Петропавл ауыр машина жасау зауытының" (ПАМЗ) технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты.

02_35.jpg

С.М. Киров атындағы зауыт 2,2 млрд теңгеге заманауи станоктар алды. Жаңа цехта көпқабатты платалар – барлық тұрмыстық техника бөлшектері өндіріледі. Қазақстанда бұл жабдықтың баламасы жоқ. Биыл зауыт қазақстандық брендпен заманауи компьютерлік техника өндірісін игереді, бұл отандық ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және электронды өнеркәсіпті дамытудың маңызды факторы болмақ. 

ПАМЗ 39 заманауи өнімділігі жоғары станоктар сатып алды, барлық технологиялық процесс компьютерлендірілген. Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондарды шығарудың жаңа желісі ашылды. Осы жылдың қорытындысы бойынша зауыт өнімдерінің көлемінің 9,4 млрд теңгеге дейін өсімі күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 есеге артық (3,4 млрд теңге).

Мамин жұмыс сапарымен СҚО-ға барды

Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы "Шығыс" ықшамауданында 530 төсек-орынға шақталған көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жүргізіліп жатқан жерде капсула салу рәсіміне қатысты. Жобаны 2022 жылдың ортасына қарай мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "YDA Holding" түрік инвесторы жүзеге асырады. Нысан құны – 50 млрд теңге, 350-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 200 жергілікті дәрігер шетелде біліктілікті арттыру курсынан өтеді. 

03_28.jpg

Тайынша қаласының аттас ауданында А. Маминнің қатысуымен "Bio operations" зауытының екінші желісі — крахмал мен желімтегін өндіретін цех іске қосылды. Өндіру және өңдеу көлемін 2 есеге арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіпорын тартқан инвестициялардың жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асады. Биыл желтоқсан айында биоэтанол шығару цехын іске қосу көзделген. Толық қуаттылығына шыққан соң кәсіпорын жұмыскерлерінің саны екі есеге, 500 адамға дейін ұлғаяды. 

05_14.jpg

Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында премьер-министр Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің ашылу рәсіміне қатысты, жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған. Бұрын су тасқыны кезінде ескі көпір су астында қалатындықтан, ауыл тұрғындарының сыртпен байланысы үзілетін. Жаңа көпір 10 елді мекеннің арасын жалғайды. 

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 193,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 1,1%-ға артық, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі – 585 млрд теңге (+2,6%). 


Өзгелердің жаңалығы