Мамин үйінен шығарылатын азаматтардың құқығын қорғауға қатысты айтты

19 Желтоқсан 2021, 16:21
1593
Бөлісу:
Мамин үйінен шығарылатын азаматтардың құқығын қорғауға қатысты айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин жалғыз тұрғын үйінен шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін пысықтауға қатысты сауалға жауап берді (кепілге салынған тұрғын үйді пайдалану құқығында  сақтап қалу жалға берілетін тұрғын үй беру).

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтарды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңның 40-бабында атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы. Осыған байланысты, егер үйден шығарылатындарда және оның отбасы мүшелерінде өзге тұрғын үй болмаған жағдайда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабында көрсетілген адамдар орындауды кейінге қалдыру туралы сотқа жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрады, - делінген жауапта.

Заңда сот орындаушысын жылыту маусымы кезеңінде ХӘОТ-қа жататын азаматтарды Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз баспанасынан шығару туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндеттейтін норма да көзделген. 

Өз кезегінде, Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 29 және 67-баптарында азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй немесе басқа тұрғын үй беру негіздерінің тізбесі көзделген.

2020 жылғы қаңтардан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қосымша қолдау көрсету шаралары, оның ішінде қаржыландыру не жалдау арқылы банк теңгеріміне қабылданған қарыз алушының жалғыз тұрғын үйін меншікке қайтару түріндегі шаралар жүзеге асырылып жатыр. 

Осы бағытты іске асыруға Ұлттық банк 44,6 млрд теңге бөлді. Қазіргі таңда банктердің теңгерімінен 138 азаматқа 1,1 млрд теңге сомасындағы тұрғын үй қайтарылды. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін банктер Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету шараларын беру жұмысын аяқтайды. 

Бұған қосымша 2021 жылғы 24 қыркүйекте агенттік, Алматы қаласының әкімдігі, банктер және қоғамдық бірлестіктер 12 ай мерзімге ХӘОТ санатына жататын борышкерлерді ипотека бойынша жалғыз тұрғын үйінен көшіруді тоқтата тұру жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Өзгелердің жаңалығы