Мамин саясаттағы әйелдердің санын арттыру үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылатынын айтты

12 Ақпан 2021, 11:12
1974
Бөлісу:
Мамин саясаттағы әйелдердің санын арттыру үшін қандай іс-шаралар жүзеге асырылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы жобасы ұсынылып отыр. Жол картасы 4 бағыт бойынша 362 шарадан тұрады. Бірінші бағыт - баршаға тең мүмкіндік, екінші - зияткер, саламаттылық және ыждағаттылық, үшінші - экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы, төртінші - халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азамат, - деді Мамин.

Ол атағандай, бірінші бағыт бойынша әр азаматтың әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктерді жүзеге асыруға бағытталған 99 шара іске асырылады. 

Қазақстандық отбасыларды қолдау мен нығайту бойынша жүйелі шаралар іске асырылады. 5 жылда 977 мың отбасыға 103 млн шаршы метр үй салынады. Оның ішінде 284 мың пәтер жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй арқылы беріледі. 3 трлн теңгеден астам қаражат инфляцияны ескеріп, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға бағытталады, - деді ол. 

Премьер-министр атағандай, әлеуметтік саланы жүйелендіру мақсатында 2021 жылы әлеуметтік кодекс әзірленіп, 2023 жылы қабылданады. 

Әйелдердің көшбасшылық белсендігін арттыруға жағдай жасау үшін 2013 жылы өңірлер мен қалалар, ауылдар бойынша гендерлік қажеттіліктер картасы енгізіледі. Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық құрылады. Атқарушы органдар мен сот жүйесіндегі әйелдер саны 30 пайызға жеткізіледі. Саяси өмірде әйелдердің рөлін арттыруға 37 жоба жүзеге асырылады, - деді Мамин.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқлыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы