Мамин халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды

7 Сәуір 2020, 10:32
2690
Бөлісу:
Мамин халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді. Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Құрылыс саласы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болуы тиіс. Осыған орай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен әкімдіктерге құрылыс маусымын уақытында бастауды, жоспарланған тұрғын үй көлемін беруді және бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы әкімдерге құрылыстың жедел қарқынын қамтамасыз етуді, қаржыландыру жоспарларын түзетуді және бұған дейін мәлімделген мерзімдерді қайта қарауды тапсырды.

Құрылыс маусымын уақытында бастаудың маңызы өте зор. Құрылыс орындарына инженерлік инфрақұрылым жеткізу бойынша 7 өңір ғана жобаларды іске асыруды бастаған. Бұл тұрғыда Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарын атап өткен жөн, - деді премьер-министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде 12 600 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетіні туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы