Мамин Азия даму банкінің жаңа директорын қабылдады

12 Қараша 2020, 13:13
1274
Бөлісу:
Мамин Азия даму банкінің жаңа директорын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Азия даму банкінің ҚР-дағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековті қабылдады, ол осы лауазымдағы Джованни Капаннеллиді алмастырды, деп хабарлады Рrimeminister.kz

Тараптар инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтауды дамыту және пандемия салдарының Қазақстан экономикасына әсерін азайту жобаларын іске асыруда ҚР мен АДБ-ның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. 

1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа да салаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаларды іске асыруға $5,1 млрд-тан астам қарыз бөлді. 

АДБ $50 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендерінде, білім беруде, денсаулық сақтауда, шағын және орта бизнесті дамытуда 100-ге жуық техникалық көмек жобасын қаржыландырды. Көлік, коммуналдық қызметтер, мал шаруашылығы және т.б. салалардағы жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн-нан астам қаражат бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы