Мамин Alstom басшысымен кездесу өткізді

5 Қазан 2021, 15:19
4545
Бөлісу:
Мамин Alstom басшысымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Alstom француз машина жасау концернінің директорлар кеңесінің төрағасы Анри Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді. 

Тараптар теміржол техникасы – электровоздар мен бағыттамалы жетектерді өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің жай-күйі мен перспективасын талқылады. 

Келіссөз барысында Alstom-ның Қазақстандағы құрастырушы өндірісін оқшаулау деңгейін биыл 38%-дан 2025 жылы 50%-ға дейін ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. 

Ақшалай мәнінде оқшаулау жылына 5 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте компания аталған уақытқа дейін қазақстандықтар арасынан 700 жоғары білікті инженерді дайындайды. Сондай-ақ ҚР теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жобаларын іске асыруға қатысады. 

Alstom – энергетикалық жабдықтар мен теміржол көлігі өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істейді, 950-ден астам қызметкері бар. 

Қазір ҚР-ға 100 млн еуродан астам инвестиция салды. Нұр-Сұлтан қаласында электровоздар шығару және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша  «Электровоз Құрастыру Зауыты» (ЭҚЗ) және Алматы қаласында бағыттамалы жетектер өндіру бойынша «КазЭлектроПривод» (КЭП) бірлескен кәсіпорындары, үш сервис депосы және бір сервис орталығы жұмыс істейді. 

Alstom – Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы электровоздар мен бағыттамалы жетектердің бірден-бір өндірушісі, сондай-ақ осы аймақтағы теміржол өнеркәсібін жаңғырту бағдарламасының негізгі қатысушысы. 

Кездесуге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Өзгелердің жаңалығы