Бүгінгі әйелдер – кешегі даналығымен тарих беттерінде қалған аналардың ұлағатын жалғай отырып, отбасы ұйытқысы болып, болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысып, қоғамдағы орнын да таба білген жандар. BAQ.KZ тілшісі сондай қайсар, қарапайым, қадірлі жандардың бірқатарымен сыр-сұхбат құрды.
Олар – шаңырағы шайқалтпай отырған ана, бір елдің тұтқасы болған дана ғана емес, ер-азаматтармен иық тірестіре әртүрлі салада еңбек етіп жүрген қажырлы еңбек иелері. Арамызда әр салада жетістікке жеткен арулар, білектің күшін қажет ететін салада да еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, кәсібінен нәсібін тауып, еліне қызмет етіп жүрген әйелдер аз емес. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербеткен, үй шаруасымен қатар, ел болашағы жолында табанды еңбек етіп келе жатқан, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, нағыз үлгі мен өнеге алатын әйелдер – қоғамның тірегі, тұтқасы, ұйытқысы. Бүгінде Жамбыл ауданы тұрғындарының 48 процентін нәзік жандылар құрайды. Олар отбасының берекесін келтіріп қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономи калық дамуына үлес қосуда. Білім беру саласында 38 мектептің 31-інде, 26 бөбекжайдың 100 пайызында, денсаулық сақтау саласындағы 34 мекеменің 28-інде әйел азаматшалар басшылық қызметте. Ал, жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметте – 4, аудандық мәслихат депутаты мандатында – 3, қоғамдық бірлестіктерді басқаратын 5 әйел азаматшасы бар. Биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланған қиындығына қарамай, ер-азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер жайлы жазбақпыз.
Жер бетінен жойылмайтын мамандықтар туралы айтқанда, ең бірінші, дәрігерлік пен ұстаздық ойға келеді. Осы тізімге тағы бір мамандықты қосуға болса, ойланбастан шаштараз мамандығын қосар едік. Себебі, шаштараз – ешқашан өзінің құндылығын жоғалтпайтын маңызды мамандықтардың бірі. Адамның бет-әлпетіне, бойына, дене бітіміне, жас ерекшелігіне қарап та шаш үлгісін жасау – үлкен өнер. Шаш үлгісінің дұрыс әрі ерекше болуы кез келген адамға сенімділік сыйлайды. Біз бұл саланың қыры мен сырын еркін меңгерген шаштаразшы Балжан Арыстанбекқызын әңгімеге тартқан едік.
Менің кәсібім үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халықпен жұмыс жасау бір жағынан өзіме де ұнайды. Әрбір тұтынушының көңілінен шығу, оның жасына, бет-әлпетіне сай шаш үлгісін жасау шеберлікті, тәжірибені қажет етеді. Мамандығыңды жақсы көрсең, әрине, мұның барлығын да оңай еңсеруге болады. Бұл саланы жеті жыл бұрын бастадым. Шаштараз оқуын оқып, шаш қиюдың әдіс-тәсілдерін меңгердім. Басында қиындықтар болды. Алғашқы жылдары оқып, бәрін түгел үйренсем де, қандай да іс тәжірибемен жүзеге асады ғой. Шаш алу барысында асықпаған жөн. Ол жұмысты мұқият әрі тиянақты орындау керек. Қызмет көрсеткен адамыңның көңілен шығу оңай емес. Бірақ ойдағыдай етіп жасасаң ол келесіде сенің тұрақты келушіңе айналуы әбден мүмкін», – дейді шебер.
Балжан Арыстанбекқызы – өз ісіне деген сүйіспеншілігі жоғары жан, ол әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Біліктілігін жетілдіріп, қосымша курстарды да үнемі оқып отырады. Шаш қию, неше түрлі сәнді шаш үлгісін жасау, бояу, шаш күтімін жасаудың барлығы қолынан келетін шаш шебері 5 перзентті дүниеге әкелген көпбалалы ана. екенін де айта кеткен жөн. Шоқай ауылының келіні, алтын құрсақты ана, өз ісінің шебері, үй тірлігі мен кәсібін қатар алып жүрген үлгілі жан. Қызметі көптің көңілінен шығатын, бағасы қолжетімді, әрі кез келген келушінің қалағанын таба алатын, ойдағысын іске асыра алатын шебердің тұрақты тұтынушылары да жетерлік.
.png)
Бір іске ықылас қойсам, соның қыр-сырына қаныққанша тынбайтынымның арқасында шаш алуды жетік меңгеріп алдым деуіме болады. Әрине, қай кәсіптің болсын, өз қиындығы бар. Шаш алуға да адамның икемі әрі ебі болуы керек. Қазіргі таңда халықтың талғамы мен талабы жоғары. Бұрынғыдай қалай болса солай шашын алдыра салмайды. Бүгінгі таңда қыз-келіншектермен қатар, ер-азаматтардың да шашқа деген күтімінің жоғары екендігін байқаймыз.
Бұл кәсіптің де қырлары мен сырлары көп. Барлығы да тәжірибемен келеді. Бастысы, шебер өзінің білімін күн сайын жетілдіріп отыруы қажет. Әрине, қателік болады, адам болған соң қателесесің, алайда оны түзетуге болады ғой. Сүрініп жүріп, қателіктерден сабақ ала жүріп, үйрене бересің, шыңдала түсесің. Шаш сәндеуге келген әйелдермен жұмыс барысында әңгіме-дүкен құрып, сан алуан тақырыптарда әңгімелесеміз. Тұрақты клиенттерім туысқанымдай болып кетті. Күніне 8-10 клиент қабылдаймын, ал демалыс күндері одан да көп. Одан бөлек, Тараз және Алматы қалаларына барып, арнайы біліктілікті арттыру курстарын оқып келемін, – деді шаштаразшы маман.
Ол алдағы уақытта үздік оқытушылардан білім алып, осы саладағы біліктілігін жетілдіруді мақсат еткен. Балжанның болашаққа құрған жүйелі жоспарлары аз емес. Бүгінде бақытты отбасы бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Кәсіпкерлікке мықтап бет бұрған кейіпкеріміз болашақта өз ісін кеңейтіп, тағы да қызмет түрлерін қоссам дейді.
Ертеден өзінің өміршеңдігін жоймай келе жатқан мамандықтың түрі — тігіншілік. Мұны біреулер өнер десе, енді бірі шығармашылық жұмыс ретінде қарайды. Екеуіне де келісуге болады. Себебі тігін тігу үшін де ептілік, үйлесім, шеберлік, шыдам керек. Қарапайым ғана мысал, түймең түсіп қалса, оны кез-келген адам ине мен жіпті сабақтап іле салады. Бірақ нағыз маманның қолынан шыққан дүние бәрібір көзге әдемі көрініп тұрады. «Шебердің қолы алтын» дейді дана қазақ. Нәсібін тігіншілік кәсібінен тапқан шебер Нұржамал Мырзахметованы арманына адал адам деуге әбден болады. Олай дейтініміз, Нұржамал Рыспекқызын ағасы Семейдегі оқу орнына дәрігер мамандығы бойынша оқытпақ болады. Сол кезде кішкентайынан кестесімен көркем болған ол жүрек қалауы тігін ші лік екенін айтып, басқа оқуға баруға көнбеген екен. Жүрегі қалаған ісіне адалдық танытқан Нұржамал Рыспекқызы тігіншілік өнерді анасы Бөпежан Әбілезқызынан үйренген екен. Анасы құ рақ құрап, камзол тігетінін әңгімелеген шебер мамандықты жүрек қалауымен таңдағандықтан еш өкінбейтінін, асқан төзімділікті талап ететін кәсіптің жалықтырмағанын, керісінше күнделікті күйбеңнен тігін тігу арқылы демалатынын жеткізді. Қазақтың «ана көрген тон пішер» сөзінің анық дәлелі болатын кейіпкеріміз бала күнінен анасының жанында жүріп, тігіншіліктің қыр-сырымен, құрақ құрау, кесте тігу, киім пішудің әдістерімен таныс болған екен. Нұржамал Мырзахметова 1964 жылы 1 қазанда Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген. «Шебердің қолы алтын» дейді дана қазақ. Нәсібін тігіншілік кәсібінен тапқан шебер Нұржамал Мырзахметованы арманына адал адам деуге әбден болады. Олай дейтініміз, Нұржамал Рыспекқызын ағасы Семейдегі оқу орнына дәрігер мамандығы бойынша оқытпақ болады. Сол кезде кішкентайынан кестесімен көркем болған ол жүрек қалауы тігін ші лік екенін айтып, басқа оқуға баруға көнбеген екен. Жүрегі қалаған ісіне адалдық танытқан Нұржамал Рыспекқызы тігіншілік өнерді анасы Бөпежан Әбілезқызынан үйренген екен.

Бала кезімнен қолөнерге, тігіншілікке жақын болдым. Өсе келе болашақта тігінші болсам деп армандайтынмын. Әрбір істің өзіне тән қызығы мен қиындығы болады. Тігін өнері адамды шыдамдылыққа, икемділікке, жауапкершілік пен тиянақтылыққа үйретеді. Бұл – көз майын тауысып істейтін шығармашылық еңбек. Өзім тіккен бұйымдарыма қарасам, әрқашан көңіліме қуаныш сыйлайды. Тапсырыс берушілердің алғысы, ризашылығы мен жылы лебізі мені шабыттандырады. Қазір қолдан жасалған бұйымдар жоғары сұранысқа ие. Адамдар, әсіресе эксклюзивті, яғни өзінің авторлық дизайны бойынша тігілген ерекше, сәнді бұйымдарға қызығады. Тігіншілік – тиімді кәсіп. Бастысы, өз ісіңді, мамандығыңды жақсы көруің керек. Көпшілік қауым қыз жасауына, ұлттық нақыштағы қазіргі заманға сай қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген бұйымдарға көп тапсырыс береді, – дейді қолөнер шебері.
Анасы құрақ құрап, камзол тігетінін әңгімелеген шебер Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде «тігінші» мамандығын меңгеріп, содан бері тігін машинасын тұмар етіп келеді. Тәжірибелі тігінші 6 жыл бұрын шағын тігін шеберханасын ашқан. Аса ауылының тұрғыны Абай көшесінің бойындағы шеберханасына күніне кем дегенде 5-6 адамның келетінін айтты. Демалыс күндері келушілер саны артады екен. Қолы алтын шебер киім қысқарту, пішу, тапсырыспен көйлек тігу сияқты істің барлығын жасай алады. Көз майыңды тауысып тігіншілікпен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа екені даусыз. Қолыңа өнер берілген соң қалғаны тәжірибемен, сабырмен келетінін айтқан кейіпкеріміз төрт баланың анасы. Ол екі қыз бен екі ұлды өмірге әкеліп, тәрбиелеген ана. Қыздарының жасауын өз қолымен тігіп, дайындаған шебердің іскерлігіне риза тұтынушылар саны да аз емес.
Еңбек адамды өсіреді, мақсатына жетелейді, қанат-тандырады. Алдымен ерінбей, алға қойған мақсатыңа қарай қадам басу керек. Қол қусырып отырмай, еңбек еткен адам оның жемісін көреді. Қолөнермен ғана айналысып қоймай, тігін тігуді үйренгісі келетін қыздарға курс өткізіп те табыс табуға болады. Мысалы, өзім тәжірибеммен бөлісуге дайындалып жүрмін, ізденіс үстіндемін. Еліміздің әр өңірінен хабарласып, сұрап жатқандар көп. Алдағы уақытта кәсібімді дамытып, сапалы бұйымдар тігіп, Қазақстан мәдениетін, тігін өнерін әлемге танытқым келеді, – дейді Нұржамал Мырзахметова.
Соңғы жылдары жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Жастар қолынан келетін, қызығушылықтары басым, сұранысқа ие салаларға бет бұруда. Нәзік жанды арулар да жүрек қалауларымен таңдаған кәсіптерін меңгеріп, жұмыс істеуде. Олардың ішінде қызығынан қиындығы мол салалар, білек күші мен қажырлы қайратты талап ететін мамандықтар да бар. Ақ білекті, нәзік жүректі қыз баланың ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығында білім алып, болашағын осы кәсіппен байланыстырғанына таңдай қағатындар аз емес. Ол – өзінің қалауын бәрінен жоғары қойып, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысуды мақсат еткен жан. Әңгімемізге арқау болған кейіпкеріміз – Ирма Симкина.

Ирма Ивановна Өрнек ауылындағы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің 9-сыныбын аяқтаған соң, №17 Жамбыл колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығына оқуға түседі. Биыл диплом алатын білімгердің әкесі Иван Симкин – колхозда тракторист, анасы Наталья Чижикова сауыншы болған. Жұмысшы мамандықтарды меңгерген отбасында дүниеге келген Ирма да анасы мен әкесінің жолын жалғауды жөн көрген. «Техниканы мықтап меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды» деген Ирма қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ауыр техниканы ауырсынбаған арудың кураторы Нұрбек Сапарбаев Ирманың өз мамандығына қызығушылығы мол екенін айтса, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Тұрлығұлова оқу орны білікті маман даярлау жолында еңбек ететінін сөз етіп, Ирманың биыл оқуын тәмамдап, нағыз өз ісінің шеберіне айналатынына сенім білдірді.
«Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» дейді халық даналығы. Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға жəне еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Еңбек адамының беделін көтеру, кəсіби білім беру жəне еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы алға қойылған жоспарлардың бірі. Жұмыстары қиын болғанымен, олар ұжымда артылған сенім үдесінен шығып келеді. Иə, кейіпкерлермен тілдесу барысында ерінбей еңбек етіп, жалықпай техника меңгерген адамның жерде қалмайтынына көзіміз жетті. Əсіресе қазіргі бəсекелестік белең алған шақта еңбек нарығында сұранысқа ие маман дықтарды меңгерген жөн. Бүгінгі мақаламызға арқау еткен жандардың мамандығы заманмен біте қайнасып, маңызын жоймайтыны анық.