Май мен қантқа бай өнімдерді үнемі тұтыну кеңістікте бағдарлану қабілетін төмендетуі мүмкін. Бұл тұжырымға Сидней университетінің зерттеушілері келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеу нәтижелері International Journal of Obesity ғылыми журналында жарияланған.
Зерттеуге 55 студент қатысты. Алдымен олар соңғы бір жылдағы майлы және тәтті тағамдарды тұтынуы туралы арнайы сауалнаманы толтырды. Кейін қатысушылар виртуалды шындыққа енгізілді: оларға үш өлшемді лабиринтте алыстан көрінетін белгілер арқылы жасырынған сандыққа апаратын жолды есте сақтау қажет болды.
Талдау нәтижесінде май мен қант мөлшері жоғары тағамдарды жиі тұтынатын жастар бұл тапсырманы әлдеқайда қиын орындағаны анықталды: олар жиі мақсатты нүктеден алыста жүретін.
Ғалымдар бұл нәтижелер бұрын егеуқұйрықтармен жүргізілген зерттеулермен сәйкес келетінін айтады: зиянды тағам гиппокамптың – үйрену мен кеңістіктік жадыға жауапты ми аймағының – жұмысын бұзады. Мұндай когнитивтік (танымдық) бұзылыстар дене салмағы артып, метаболикалық аурулар пайда болмай тұрып-ақ басталуы мүмкін.
Зерттеу авторлары бұл жұмыстың адамдағы тамақтану әдеттері мен кеңістікте бағдарлану дағдылары арасындағы байланысты нақты байланыстырған алғашқы зерттеулердің бірі екенін атап өтті.