Мамандар Павлодардағы мектепте болған өрттің алдын ала себебін айтты

19 Сәуір 2022, 14:43
1741
Бөлісу:
Мамандар Павлодардағы мектепте болған өрттің алдын ала себебін айтты
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары облыс орталығындағы №1 орта мектепте болған  өрттің алдын ала себебін айтты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтың айтуынша, мектепке қасақана өрт қойылуы мүмкін. 

Болжам бойынша, мектеп қасақана өртенген. Қазіргі уақытта барлық материалдар жергілікті полиция департаментіне жолданды. Кейін процессуалдық шешім қабылданады, – дейді Қайрат Шаймарденов.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға бірнеше күн бұрын болды. Тілсіз жау ғимараттың үшінші қабатындағы 15 шаршы метрлік аумаққа таралды. Салдарынан 500-ге жуық оқушы мен мүғалім сыртқа шығарылды. Мамандардың айтуынша, қоймадағы кітаптар, техника құралдары мен жиһаз жанып кетті.

Мамандар Павлодардағы мектепте болған өрттің алдын ала себебін айтты

Мектеп директоры Азамат Сыздықовтың хабарлауынша,  өрт орнында болған бес балаға медициналық көмек көрсетілді. Олардың үшеуі газдан уланып қалған. Қазіргі уақытта барлығы үйлеріне оралды. 

Бүгінгі таңда білім беру үрдісі штатты режимде, екі ауысым бойынша оқып жатыр. Жөндеу жұмыстары бірнеше күнде басталады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі мен қаржы көлемі анықталып жатыр. Жөндеу екі апта ішінде аяқталады, – дейді мектеп директоры. 

Мамандар Павлодардағы мектепте болған өрттің алдын ала себебін айтты

Айта кетейік, өткен жылы орта білім беру ошағы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті. Оған мемлекеттік бюджеттен 640 млн теңге бөлінді. Қаражат есебінен 39 бейбебақылау камерасы орнатылды. Құралдардың көбі ғимараттың сырты және ішіне қойылған. Алайда, өрт болған жерде камера болмай шыққан. Мекмеп өклідерінің айтуынша, алдағы уақытта тағы 20-дан астам бақыла уқұралы орнатылмақ. 

Өзгелердің жаңалығы