Мамандандырылған ХҚКО-ға бару үшін алдын ала жазылу керек

1 Сәуір 2021, 07:45
1570
Бөлісу:
Мамандандырылған ХҚКО-ға бару үшін алдын ала жазылу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ХҚКО шектеу шаралары аясында жұмыс істейді. Барлық облыстағы, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО алдын ала жазылғандарды ғана қабылдайды. 

Енді көлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін алу үшін еGov.kz порталы немесе телеграм-бот арқылы жазылу керек (дайын құжат алу үшін брон жасау қажет емес).

«Азаматтарға арналған үкімет» өкілдерінің мәлімдеуінше, тек Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы орталықтар бұрынғыша жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы