Маман вакцинадан кейінгі күдікті әсерлер туралы айтты

14 Мамыр 2021, 17:09
1539
Бөлісу:
Маман вакцинадан кейінгі күдікті әсерлер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Бүгінгі таңдағы бақылаулар бойынша Қазақстанда 5214 күтілетін әсер тіркелді. Ол алған вакциналардың 0,3 пайызын құрайды. Оның ішінде 57 пайызы тұмауға ұқсайтын жалпы әсерлер (қызудың көтерілуі, әлсіздік). 43 пайызы жергілікті әсерлер болып есептеледі. Қолдың ауруы, ісінуі, - деді ол.

Манар Смағұлдың сөзінше, екінші компоненттен кейін тіркелген жанама әсерлердің толық ресми ақпараты қазір жоқ.

Коронавирус пен пневмония әсерлері вакцина алғаннан кейін тіркелгендер бар. Бірақ қанша екені туралы әлі ақпарат жоқ. Вакцинадан кейін 30 минут тынығу туралы бұйрықта бар. Науқастар вакцинадан кейінгі уақытта медицина қызметкерлерінің бақылауында отыруы керек. Оларға арнайы орындар бөлінген. Вакцина алған адамдардан жарты сағат медицина мекемесінде отыруларын сұраймыз, - деді Манар Смағұл.

Өзгелердің жаңалығы