Маман тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептерін атады

10 Қыркүйек 2021, 11:16
3582
Бөлісу:
Маман тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Тұрғын үй секторындағы пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 72 жағдайды немесе тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 32%-ды құрады. Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу 67 жағдайды құрады, - деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы 59 жағдайда тұрғандар қауіпсіздік шарасын сақтауға селқос қараған.

Өрт санының өсу себептерінің қатарында объективті де, субъективті де факторлар бар. Олардың ішінде орталықтандырылған жылыту мен газбен жабдықтауы жоқ тұрғын үй қорының едәуір ауданы ақауы бар пешпен жылыту және ескірген электр сымдары бар үй-жайларда тұратын азаматтардың көп болуы бар. Айта кету керек, өрт санының көбеюі маусымдық сипатта да айқын көрінеді, табиғи-климаттық жағдайлар бойынша аймақ төмен температураға ұшырайды. Өрт желтоқсан мен қаңтар айларында қатты аязға байланысты жиі болады, - деді Еркін Отарғалымұлы.


Өзгелердің жаңалығы